Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube
kzen
Radio Azan
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Біз туралы
  • Біздің ұжым
  • Құпиялылық саясаты
  • Біздің өнімдер
  • Біздің өнімдер
  • Бағдарламалар
  • «ALQA» радиосы дыбыстаған еңбектер
  • БАҚ біз туралы
  • Афиша
  • facebook
  • inst
  • telegram
  • tiktok
  • whatsapp
  • youtube

Наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді

0de229f0cdb94a5d0c04856af603d7ca_1280x720.jpg

Ағымдағы жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен индикаторларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті.


Отырыс барысында конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар бойынша көрсеткіштерді, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі діни белсенділік көрсеткіштер тізбесін қамтитын наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторлары бекітілді.


Индикаторларды әзірлеу барысында діни қызмет саласындағы сарапшылардың қатысуымен жұмыс отырыстары өткенін, халықаралық тәжірибе зерттелгенін, сондай-ақ БҰҰ АҚЖКБ және шетелдік құқық қорғау ұйымдарының ұсынымдары ескерілгенін атап өту маңызды.


Индикаторлар діни бірлестіктер және құқық қорғау ұйымдары тарапынан билік институттарына деген сенім деңгейін көтереді, сондай-ақ діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы имиджі мен рейтингін нығайтады деп күтілуде.



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі