ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ — ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

372c79aa8df10c3c9e53846fb4bc56d0_1280x720.jpeg

Грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.


Ол финалда биыл Азия чемпионы атанған жапон Нао Кусакаға есе жіберді. Есеп: 2-5.


«Демеу Жадыраевты Олимпиаданың күміс жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тарихи белдесу болды. Тұтас халық Демеудің тілеуін тіледі. Отандастарымыз мұндай белдесуді 20 жыл күтті. Жадыраев бозкілемде барын салып, нағыз шебер палуан екенін көрсетті. Бұйырғаны күміс жүлде болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында Олимпия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алу – зор жетістік екенін атап өткім келеді.


Жадыраев өзінің табандылығының, жеңіске деген ұмтылысының және еңбекқорлығының арқасында грек-рим күресінің миллиондаған жанкүйеріне нағыз мереке, ұмытылмас эмоция мен қуаныш сыйлай алды. Барлық жаттықтырушылар штабына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Төртжылдықтың басты додасындағы чемпиондарымызға жаңа жетістік пен жеңістер тілеймін!»,- деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/823314?directionId=_30600&lang=kk