«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

IMG_1870.JPEG

Ағымжағы жылдың 10 сәуірінде Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Заң және тәртіп» шаралары аясында «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласының діни қызмет саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған тәжірибелік семинар өттті. Арнайы шараны Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» директоры Алмас Ерназаров ашты.

Семинар барысында тыңдаушылар үшін Қазақстан Республикасы Психологтар мен психотерапевттерінің республикалық қауымдастығының сарапшы-психологы, БҰҰ-ның «қауіп тобы» бойынша халықаралық сарапшысы Шакимова Лола Сергеевна, М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ оқытушысы, «Сөйлеу шеберлігі мектебінің» тренері Арықбаева Салтанат, Білім беру саласындағы AI-сарапшы, «Qalam edu tech» білім беру орталығының дәріскері Абильякимова Аида баяндамаларын жасады.

Сарапшылар дін саласындағы ағартушылық жұмысқа жасанды интеллектінің заманауи құралдарын қолдану бойынша практикалық кейстер ұсынды. Жасанды интеллектіні рухани салада пайдалану барысында этикаға ерекше назар аударылды. Қатысушылар нақты тәжірибелік жағдайларды талдап, ықтимал тәуекелдерді саралап, технологияларды ағартушылық қызметте жауапкершілікпен пайдалану бойынша ұсынымдар әзірледі.