Астанада Республика күніне арналған мерекелік концерттер басталды

_gluster_2025_10_25_8d62c33ffbf42b6a97f839657105a674_1280x720.jpeg

Елордада Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Концерттік бағдарламалар, отбасылық іс-шаралар қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын үй алаптарының аумақтарында өтеді.


Бүгін концерттік бағдарламалар сағат 12:00-ден бастап «Жерұйық» саябағында, «Айғыржал» және «Жағалау» скверлерінде, сондай-ақ «Өндіріс», «Теміржолшылар» және «Отау» тұрғын алаптарында өтті.



«Ататүрік», «Қорғалжын» («Көктал-2» ТА), «Көктал» және «Мереке» саябақтарында, «Бағыстан» тұрғын үй кешенінде және «Өндіріс» тұрғын алабында мерекелік бағдарламалар сағат 15.00-ден басталады.


Қала тұрғындары мен қонақтарына танымал қазақстандық орындаушылардың, соның ішінде Гүлнұр Оразымбетова, Дос, Аян Жамағамбетов, Нұрмұхаммед Жақып, Берік Ержанов, Абай Бегей, Зарина Божакова, DIDAR, сондай-ақ Qazaq voice, «Астана» триосы мен «Айлин», «Бәйтерек» және «Аруым» триоларының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламалар дайындалды.


Сондай-ақ мерекелік концерт «Қазақ елі» алаңында сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Садраддин, Еркеш Хасен, Дастан Оразбаев, Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева және басқа да әртістердің қатысуымен өтеді. Сағат 15.00-ден бастап концерт басталғанға дейін аумақтарда спорттық жарыстар ұйымдастырылады.


Естеріңізге сала кетейік, республика күніне орай Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өтеді.