Михаил Шайдоров – Олимпиада-2026 чемпионы атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен 2026 жылы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров 198.64 ұпай жинап, қысқа бағдарламамен қоса есептегенде жалпы 291.58 ұпай көрсеткішіне қол жеткізді. Нәтижесінде Михаил алтын медаль иегері атанды.
Күміс жүлдені жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юма Кагияма иеленді. Ол еркін бағдарламада 176.99 ұпай жинап, жалпы 280.06 ұпаймен жарысты аяқтады. Ал қола медальды тағы бір жапониялық спортшы — Сато Сун жеңіп алды: еркін бағдарламада 186.20 ұпай, жалпы есебі — 274.90 ұпай.
