40-тан астам елдің өкілдері діни қызметті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

19c807e8a455dac81108279d0c2d238a_1280x720.jpg

Үстіміздегі жылдың 8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті.


Еуразия құрлығы бойынша панелдік дискуссияда Дін істері комитетінің өкілі Азамат Данахметов елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.


Сондай-ақ, аталған дискуссияда Грузия, Молдова және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері діни қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.


Іс-шараға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі