Құрбан айт 2026: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

_gluster_2026_5_20_e39cd6c7368e8978ab6599c9a23df02a_1280x720.jpg

Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.


Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.

Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:


• Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6;


• «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10;


• «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;


• «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.


• Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.


Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды.


Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.


Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.


https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1224792?lang=kk