Нұрбек Есмағанбет Астана қаласының Бас имамы болып тағайындалды

IMG_6880.jpeg

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұрбек Есмағанбет Астана қаласының Бас имамы болып тағайындалды.


Бас мүфти бұйрығын наиб мүфти Сансызбай Шоқанов жамағатқа оқып беріп, осыған дейін Астана қаласының Бас имамы қызметін атқарған Ерболат Жүсіповке Наурызбай қажы Тағанұлының игі тілегі мен ілтипатын жеткізді.


Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен Ерболат Нұрылдаұлы Жүсіпов ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.