Халықаралық қарттар күні: Астанада ардагерлер хорының концерті өтті

14eff1724de412706c2c50fbd2fcd47426a419be17d6ef31553044dc8cce5bdd_1280x720.jpeg

Астанада Халықаралық қарттар күніне орай «Елорда» халықтық ардагерлер хорының мерекелік концерті өтті. Іс-шара Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Концерт барысында хор мүшелері музыкалық шығармаларын қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.


Қатысушылардың бірі Үміт Әлібекқызының айтуынша, мұндай іс-шаралар аға буын өкілдеріне қолдау көрсетіп, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.


«Біз үшін мұндай концерттер – өнерімізді ортаға салатын ғана емес, аға буын өкілдерімен қуанышымызды бөлісіп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін тағылымды басқосу. Осындай мәні зор кездесулердің жалғаса бергенін қалаймыз», – деді ол.