Астанада «Алаш — ұлтты оятқан рухты сөз» атты мәдени-танымдық шара өтті

IMG_5577.JPEG

25 қараша — Алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының туған күніне орай, Абай Құнанбайұлы атындағы 87-ші мектеп-гимназияда «Алаш - ұлтты оятқан рухты сөз» атты мәдени-танымдық шара өтті. Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары және алаштанушы Айгүл Ісмақова, Марат Әбсеметов, Ербол Тілеш, Сұлтанхан Аққұлы, Сағымбай Жұмағұл секілді ғалымдар қатысқан шарада «Qyr balasy» қоғамдық қоры шығарған бес кітаптың тұсауы кесілді.

«ALQA» радиосының Бас редакторы Серік Сейітман құрметті қонақ ретінде шақырылып, «Ұлтты оятқан ұлы сөз» кітабының лентасын қиды.