Dubbed by ALQA Radio

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Дүйсенбі, 10:00


Советтік құрылым кезінде қазақ халқының өткен тарихы мүлде бұрмаланып келгені мәлім. Отар халықта өзіндік тарих болмауға тиіс еді. Санасы оянып, бүгінгі кіріптар күйіне наразылық туындауы мүмкін.


Енді, тәуелсіз заманда ең алғаш жазылған еркін, толымды тарих – Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" болды. Әліппе ғана емес, нақты дерек, мағлұматтардың негізінде қалыптанған берік ұстын. Қазақ Ордасының XV-XVIII ғасырлар – төрт жүз жылдық шежіресі қамтылған, халқымыздың ерлік дәуірін, елдік сыпатын әйгілеген өзгеше еңбек.


Жалпы жұрт санасына айрықша әсер еткен кітаптың жас оқырманға берер таным, білімі де мол.


ҒҰМЫРЫ ҒИБРАТ ҒҰЛАМА. ИМАМ АҒЗАМ. ӘБУ ХАНИФА

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Дүйсенбі, 10:00


Бұл кітапта ислам құқық мәзһабтарының көшін бастаған Имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры, ізгі қасиеттері мен өнегелі істері қамтылған. Деректер тарихи әдебиеттер мен Әбу Ханифаның өмірінен сыр шерткен еңбектерден таңдалып алынған. Кітап исламтанушы, дінтанушы, теолог, дін саласының қызметкерлері және Имам Ағзамның өмірімен танысқысы келген жалпы оқырман қауымға арналған.



ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ ИСЛАМ

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Дүйсенбі, 10:00


Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітап қазақтың айтулы тұлғаларының өмір тарихының рухани жағын зерттеуге арналған. Кітапқа қазақ хандары, батырларынан бастап, Алаш зиялыларының, дінге қызмет еткен ғұлама ғалымдарымыздың өміріндегі халыққа беймәлім тұстары мен олардың қалытасу жолына Ислам дінінің еткен әсері жөнінде тың деректер енген.

ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Дүйсенбі, 10:00


Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, әр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.

ІЗГІЛІК ҚАЛСЫН ӘР ІЗДЕ

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Сейсенбі, 10:00


Бұл кітапта асыл дініміз исламның бірқатар құндылықтары салт-дәстүріміз бен жаңа заман талаптары тұрғысынан талданып, сарапталады. Отбасын бақытты етудің кейбір сырлары, әйгілі тарихи тұлғалардың өмірлерінен өнегелер, сондай-ақ ғибратты әңгімелер де жинақталып берілген.

САҢЛАҚ САХАБАЛАР

Диктор: Аманжан Еңсебайұлы

Эфирде: Сәрсенбі, 10:00


Бұл еңбекте Пайғамбарымыздың (с.а.c.) соңынан ерген саңлақ сахабаларының өнегелі өмір жолы, Ислам дінін таратуда жұмсаған қажыр-қайраты, көзсіз батырлықтары мен ерен еңбектері тарихи деректермен көркем суреттеледі. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.